ПРЕЗИДЕНТТIҢ ЖОЛДАУЫ
30/11/2015
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша

 

"Есіл" ауданының әкімі
Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді, біздің ресми интернет қорында қош көрдік! Осында Сіздер әрдайым өтіп жатқан оқиғалар және іс-шаралар туралы ақпаратты тауып, ауданның мекемелері және ұйымдары туралы анықтамалық мәліметтерді қолданып, соңғы жаңалықтармен таныса аласыз. Біздің интернет-қорымыз сіздер үшін пайдалы және елордамыздың ең жас ауданы туралы ақпаратты білу үшін негіз боларына сенім білдіремін.
Сабила Мұстафина.

ЖАҢАЛЫҚТАР
26/08/2016
Ынтымақтастық туралы меморандум

24 тамыз күні «Есіл» ауданы әкімінің аппаратында Қызылорда облысы Арал ауданының және Астана қаласы Есіл ауданының әкімдіктері арасындағы азық-түлік өнімдеріне қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға екі ауданның әкімдері Абзал Мұхимов және Сабила Мұстафина қол қойды.

23/08/2016
Құрметті астаналықтар!

24 тамыз күні сағат 00.35-те Астана қаласының Халықаралық әуежайында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 2016 жылдың XXXI жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алу рәсімі өтеді.
Олимпиада қатысушыларын қарсы алуға тілек білдіруші адамдарға тегін автобустар беріледі. Жиналу орны мен уақыты – Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдындағы қалалық алаң сағат 22.30-да. Жолға шығу сағат 23.00-де.

23/08/2016
Құрметті астаналықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Astana Food and Fashion Festival» іс-шарасына шақырамыз!
Іс-шара 27-28 тамыз күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін «Арай» саябағында өтеді.
Сіздердің назараңызға көшедегі ас, салауатты өмір салты, пайдалы демалыс және отандық өнім нарығын даму идеялары, соңдай-ақ, дәстүрлі өнер құралдары, жас дизайнерлердің жаңа коллекциялары және арт-жобаларды көрсетіледі.
Кіру тегін.

22/08/2016
Футболдан турнир

«Есіл» ауданында Спорт күнін мерекелеуге арналған футболдан турнир өтті. Қабанбай батыр даңғылында орналасқан спорттық алаңда өткізілген ойындарға «Есіл» ауданы 12 ұйымның командалары қатысты.

18/08/2016
«Есіл» ауданының ІІБ мәлімдейді

Астана қаласы «Есіл» ауданының ІІБ-ның көші-қон полиция бөлімі ішкі миграцияны қадағалау мақсатында Астана қаласында есепте және тіркеусіз тұратын, еліміздің басқа аймақтарынан келген азаматтарды тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде.

04/08/2016
Ведомствоаралық жиналыс

Үстіміздегі жылдың 3 тамызында Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратында «Есіл» ауданының прокуратурасы, ІІБ ЖПҚ қызметкерлерінің қатысуымен «Көше қылмысы және басқа да қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың артуы» мәселелер бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізілді. Жиналысқа ПИК, сауда-ойын орталықтарының, қонақ үй кешендерінің өкілдері қатысты.

22/07/2016
2016 жылғы 2 тоқсан бойынша «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің басшысы С.М. Әбутәліповтің есебі

«Ұлт жоспары 100 қадамның 30-шы қадамын» жүзеге асыру бойынша 2015 жылғы 2 қарашада мемлекет басшысымен «Жергілікті полиция қызметінің мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойылды.
Жергілікті полиция қызметін құрудың негізгі мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жергілікті қоғамдастық және жергілікті атқарушы органдар алдында есеп беру болып табылады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Жергілікті полиция қызметін өз жұмысын толық атқаруды бастады.

19/07/2016
«Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының жұмысы туралы

2016 жылдың басынан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы аумағында 82 өрт тіркелді, өткен жылдың осы мерзім аралығымен салыстырғанда 14 пайызға артық (2015 жылы – 71 өрт). Өрт салдарынан 1 адам қайтыс болды (2015 жылы – 1 адам). Өрттің шығуына талдау жүргізу барысында, жеке тұрғын-үй аумағында өрттің өсуі байқалады – 38 өрт, өткен жылдың осы мерзім аралығымен салыстырғанда 29 пайызға артық.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал