Халық

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша «Есіл» ауданы халықының саны 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша 140490 адамды құрайды.
Ауданда 11200 зейнеткер, 11 ҰОС ардагерлері, 369 тыл еңбеккерлері, 997 мүгедек, 18 жасқа дейінгі 488 мүгедек балалар тұрады.
«Есіл» ауданы әкімінің аппараты жанынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек және мемлекеттік балалар жәрдемақысына, атаулы көмек тағайындауға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және өтініштерін қарастыру үшін учаскелік комиссия құрылған.
Ағымдағы жылдың басынан бері 1,6 млн. теңге сомаға атаулы әлеуметтік көмекті 32 отбасы (139 адам), 2,5 млн. теңге сомаға 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақыны – 79 отбасы (242 бала), 2,7 млн. теңге сомаға тұрғын үй көмегін – 144 отбасы (259 адам), 0,5 млн. теңге сомаға қатты отын сатып алуға өтемақыны 30 адам, 5,4 млн.теңге сомаға тіс протездеу бойынша әлеуметтік төлемді 195 адам, 4 млн. теңге сомаға мүгедек балаларды үйден оқыту бойынша әлеуметтік көмекті 236 бала алды.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал