ШОБ-ты мемлекеттік қолдау

ШОБ мемлекеттік қолдау

Шағын және орта бизнесті жаппай дамыту және қолайлы климат жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі кәсіпкерлерге қызметті жүргізуге көше саудасы үшін 1000 орын қарастырылған, көше саудасы объектілерін дамыту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеген. «Есіл» ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ, «Астанагорархитектура» ЖШС және «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-мен бірлесіп «Есіл» ауданының аумағында көше саудасын жүргізу үшін сауда нүктелерінің орналасу орындарын қарады. Қала бойынша барлығы 862 жер учаскелері анықталған, «Есіл» ауданы бойынша 265 орын анықталған. Өткізілген 2 конкурс қорытындысы бойынша 152 орын «Есіл» ауданы бойынша таратылған.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауын және 2020 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. «Бизнестің жол картасы 2020» - бұл Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге және дамытуға бағытталған, мемлекеттік гранттар мен қарыз беру, несие бойынша пайыздарды төлеуді азайту, несиелерге кепілдік беру және кәсіпкерлерді оқыту Бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты: Бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері:
•Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.
•Кәсіпкерлік секторды сауықтыру.
•Валюталық тәуекелді төмендету.
•Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Құрметті кәсіпкерлер!

Өз бизнесін ұйымдастыру мәселелері және мемлекеттік қолдау бағдарламалар бойынша толық ақпаратпен Сіздер келесі интернет қорларында:
•Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы www.upp.astana.kz;
•«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ www.damu.kz;
•Кәсіпкерлерге арналған «Бизнес аумағы» бірыңғай мемлекеттік бизнес порталы business.gov.kz танысуларыңызға болады.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал