Қадрлармен қамтамасыз ету

12.04.2017 ж.
12.04.2017 ж. Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының шешімі бойынша «Есіл» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Абзал Бектасұлы Қалиев және «Есіл» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Жарқын Қазбекұлы Айтжанов қабылданады.

10.04.2017 ж.
«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ аббатандыру және өндірістік-техникалық бөлімдерінің басшылары (Е-3 санаты, 2 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жарияланған конкурсының сұбхаттасуына жіберілген үміткерлер тізімі:
1. Жарқын Қазбекұлы Айтжанов; - 16.02.1986 ж.т.;
2. Абзал Бектасұлы Қалиев - 10.01.1982 ж.т.

04.04.2017 ж.

«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 33, телефон:       8 (7172) 57-45-43, факс 8 (7172) 57-45-36, i.sergazina@esil.astana.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

         1) Абаттандыру бөлімінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 102 437 тенгеден 138 248 тенгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: абаттандыру бөлімінің қызметіне жетекшілік ету. Қала әкімі, аудан әкімі және жоғары тұрған органдар шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімнің болашақ жобалар мен ағымдағы жоспарларының әзірлеуін ұйымдастыру, оларды орындау үшін мониторинг жасау. Астана қаласы Мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы №28/6-III шешімімен бекітілген «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағын тазалықпен қамтамасыз ету қағидалары туралы» ереженің орындалуын жүзеге асыру. Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар жоспарының, «Астана қаласы аумағында құрылыс салу ережесінің», ауданды көгалдандыру бойынша дайындық жұмыстарының, тұрғындармен, ПИК-термен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында қоқысты шығарумен және тазалаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау, ұйымдар мен мекемелердің қысқы уақытта жатқан мұздан және жол төсемін қардан тазалау бойынша жүргізілетін жұмыстарға бақылау жасау. Аудан кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру, өзара әрекеттестікті үйлестіру. Коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктерді ұйымдастыру, бақылау және өткізу, қажетті іс шараларды дайындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқаулық пен аналитикалық ақпараттарды жинау. Атқарылған жұмыс бойынша ішкіорамдық кіріспелік есебін дайындау. Бөлімнің жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың құжаттарын ұйымдастыру және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімі бойынша қарастыру.                         009 «Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету», 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», бағдарламалары бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім құзіретіндегі тапсырмалардың орындалуына жауап беру. Бөлім қызметінің жұмыстарын заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімі бойынша қарастыруды бақылау.

         Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

         Техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білім.

         2) Өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 102 437 тенгеден 138 248 тенгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: өндірістік-техникалық бөлімінің қызметіне жетекшілік ету. Қала әкімі, аудан әкімі және жоғары тұрған органдар шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімнің болашақ жобалар мен ағымдағы жоспарларын әзірлеуін ұйымдастыру, оларды орындау үшін мониторинг жасау. Бөлімнің жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың құжаттарын ұйымдастыру және бақылау. Бөлімге түскен азаматтардың ауызша және жазбаша үндеулерін уақытылы және сапалы қарастыру бойынша бақылау жасау. Жетекшілік ететін сала бойынша шаруашылық субъектілері жұмысының жағдайы туралы қала әкіміне, аудан әкіміне және жоғары тұрған органдарға уақытылы және сапалы құжаттар дайындауын қадағалау. Еңбек тәртібін, орындаушылық тәртібін және бөлім қызметкерлерінің құпия ақпараттың сақтауын бақылау. Абаттандыру жұмыстарын қаржыландыруға сәйкес есептік құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау. 009 «Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету», 008 «Елді мекендерді жарықтандыру», 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», 010 «Жерлеу орындарын күтіп-үстау» бағдарламалары бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Бағытталған салалар бойынша қызметтер мен жұмыстарға мердігерлік ұйымдармен уақытылы келісім шарттар жасау бойынша бақылау жасау және ұйымдастыру. Абаттандыру және құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды сапалы және уақытылы орындалуын техникалық қадағалау жасау. Атқарылған жұмыстың актісін бақылауды іске асыру. Әр ерекшілікке сәйкес бюджеттік шығындар есебін тапсыруды және бюджеттік өтінімдерді дайындау жұмыстарына бақылау жүргізу. Мердігерлік ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасауды үйлестіру. Бөлімнің бағытталған салалары бойынша аудан әкімінің баяндамасын және аналитикалық ақпаратын дайындауды жүзеге асыру. Бөлім құзіретіндегі тапсырмалардың орындалуына жауап беру. Бөлім қызметінің жұмыстарын заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімі бойынша қарастыруды бақылайды.

         Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

         Техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білім.

 

         Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

         4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

         6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         1) нысанға сәйкес өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 33 №301 кабинет) қабылданады.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

         Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап    3 жұмыс күн ішінде «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 33 №301 кабинет) өтеді.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

         Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал