"Есіл" ауданы

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы»

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 тамыздағы № 737 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
 
            Қазақстан республикасының
            Премьер-министрі                                                            К. Мәсімов
 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының елордасы – астана қаласында «Есіл» ауданы құру туралы
 
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5- бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.     Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында әкімшілік – аумақтық бірлік – «Есіл» ауданы құрылсын.
2.     Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен «Есіл» ауданының әкімшілік шекарасы белгіленсін.
3.     Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдансын.
4.     Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
         Қазақстан Республикасының
         Президенті                                                                          Н. Назарбаев  
 

«Есіл» ауданы туралы

 

«Есіл» ауданы 2008 жылдың 5 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Жалпы ауданы 31,2 мың гектардан тұратын іргелес тұрғын алаптарымен жаңа әкімшілік орталық аймақ бойынша сол жағалауға бекітілген.
Аудан халқының саны жылдан жылға артуда және Астана қаласының Статистика департаментінің мәліметі бойынша (01.05.2016 ж.) 140490 адамды құрайды.
Астана қаласының картасында жаңа ауданның құрылуы қалалық шаруашылықтың және тұрғын үй-коммуналдық саласы нысандарының басқару жүйесін жетілдіру, халыққа арналған мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.
Аудан құрылған сәттен бастап абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлік және құрылыс саласын дамыту мәселелері бойынша бір шама жұмыс атқарылды, сондай-ақ, қала тұрғындарына жайлы жағдай жасалынды.
Тұрғындардың мүдделері мен заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мемлекеттік органдар құрылды: Ішкі істер басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар басқармасы, соттар, прокуратура, Мемлекеттік кірістер басқармасы, Әділет басқармасы, Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Есіл» басқару органдардың қауымдастығы және аудандық Ардагерлер кеңесі құрылды.
Ауданда іс жүзінде барлық республикалық басқару аппараты, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері, ұлттық компаниялар мен ірі бизнес-орталықтары шоғырланған.
Аудан аумағында астананың әуе айлағы – «Астана» Халықаралық әуежайы, тікұшақтар құрастыратын және қызмет көрсететін зауыты «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, фотоэлектрлі модульдер өндіретін зауыты «Astana Solar» ЖШС орналасқан, ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Мұнда еліміздің мақтанышы, ТМД елдері аумағында теңгесі жоқ - инновациялық медициналық кластер, ұлттық білім беру флагманы – Назарбаев Университеті, біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы көпдеңгейлі хореографиялық кәсіби білім беретін алғашқы жоғарғы оқу орны – Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы орналасқан.
Ауданды қаланың сәулет ғимараттары – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және Ұлттық мұрағаты, Назарбаев орталығы, «Думан» ойын-сауық кешені өзінің ерекше келбетімен көрік береді.
Сонымен қатар, аудан мәдени нысандармен, оның ішінде «Қазақстан» орталық концерт залы, «Тілеп Қобыз сарайы» концерт залы, «Астана Опера» опера және балет театры, Астаналық цирк және «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенімен әйгілі.
«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы, «Астана-арена» стадионы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Алау» мұз айдыны сарайы, көпфункционалдық мұз айдыны сарайы және т.б. ірі сәулет жобалар елорданың сол жағалау бөлігінің айтылмас көркіне айналды.
Сондай-ақ, «Азия парк», «Керуен», «Мега» және «Сарыарқа» сауда кешендері де ауданды көзге тартымдылығымен ерекшелейді.
Ауданды дамыту саласындағы басым бағыттары шағын және орта бизнесті жандандыру, құрылыс саласының серпінді дамуы, сапалы инфрақұрылымды құру, абаттандыру, кешенді тұрғын құрылыстың болашақ жобаларының жүзеге асуы болып табылады.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал