Аудан басшылары
Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі
Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы
 

Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет ҚабдулаұлыБөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы 1975 жылдың 2 қыркүйегінде Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1996 жылы банк саласында бастаған.
1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бас маманынан бастап басқарма бастығының орынбасарына дейін әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеген.
Келесі жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутат көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс атқарған.
2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың қарашасына дейін Павлодар ауданы әкімінің лауызымында болған.
2008 жылдың қарашасында Павлодар облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарған.
2009 жылдың маусымынан – Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
2011 жылдың шілдесінен - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
2013 жылдың наурызынан - Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Тәртіптік кеңесінің төрағасы.
2013 жылдың 9 шілдесінде Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің лауызымына тағайындалған.
2015 жылдың 24 қарашасында Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің лауазымына тағайындалған.
2016 жылдың 20 қазанынан - Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Санитарлық мазмұндағы және абаттандыру мәселелер бойынша
әкімнің орынбасары

Уахитов Елнар Бекенұлы

Санитарлық мазмұндағы және абаттандыру мәселелер бойынша әкімнің орынбасары Уахитов Елнар БекенұлыУахитов Елнар Бекенұлы 1981 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер, есеп және аудит бакалавры, есеп және аудит магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласының ірі жылу энергетикалық компаниясында бастаған. Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы» АҚ-да жұмыс жасаған. 2006 жылы мемлекеттік қызметке ауысады. Қарағанды облысы әкімі орынбасарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша консультанты болып жұмыс жасайды. 2008 жылдан бастап Қарағанды облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 2009 жылы Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің қызметін атқарады. 2010 жылы – ҚР-ның Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі. Келесі жылдары Қарағанды облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылық лауазымдарында, Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының қызметінде жұмыс жасайды. 2017 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

 

 

Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, инфрақұрылым және құрылыс мәселелер бойынша
әкімнің орынбасары

Қайржанов Әнуар Талғатұлы

Қайржанов Әнуар ТалғатұлыҚайржанов Әнуар Талғатұлы 1986 жылдың 27 наурызында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2010 жылы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімін басқарады. 2012 жылы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімі басшысының лауазымына ауыстырылды. 2013 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

 

 

 

 

 

 

Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелер бойынша
әкімнің орынбасары

Елімсарина Арайлым Тілеуханқызы

Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары Елімсарина Арайлым ТілеуханқызыЕлімсарина Арайлым Тілеуханқызы 1981 жылдың 5 ақпанында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 2002 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2007 жылы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімін басқарады. 2008 жылы ішкі саясат бөлімін басқарады. 2009 жылы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі. 2011 жылы Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімі басшысының лауазымына ауыстырылды. 2012 жылы әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімі басшысының қызметін атқарады. 2015 жылы аппарат басшысының лауазымына тағайындалды. 2017 жылдан бастап Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.

 

 

 

 

 

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал