ПРЕЗИДЕНТТIҢ ЖОЛДАУЫ
31/01/2017
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

"Есіл" ауданының әкімі
Құрметті астаналықтар!

Сіздерді елордамыздың 19-жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Біздің Отанымыздың жүрегі – Астана. Елордамыз барша қазақстандық халқының мақтанышы, еліміздің бір тұтас символына айналды. Болашақ жастар үшін Астана әрдайым үлкен жетістіктерге қол жеткізу қаласы болатыны айғақ.
Шын жүректен Сіздерге бақыт, зор денсаулық және береке тілеймін!
Ермағанбет Бөлекпаев

ЖАҢАЛЫҚТАР
19/07/2017
«Есіл» ауданы әкімінің Аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (инфографика)
19/07/2017
ІІБ ЖПҚ жұмысының 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары (инфографика)
19/07/2017
Халықпен жұмыс істеудің 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары (инфографика)
19/07/2017
Қаладағы тазалық жұмыстары

Жарнама – компания жайлы хабарлап, көптеген клиенттерді тартудың ең тиімді тәсілі болып отыр. Жарнама үнемі адамдардың назарында болып, сәйкесінше, тазалықтың сақталынуы қадағаланады. Аталмыш құрылымдар қала көрінісінің ажырамас бөлігі болып табылады және барлық эстетикалық талаптарға сай болуы керек.

18/07/2017
Жаңбырдан кейінгі жұмыстар

Астанадағы нөсер жауындардан кейін «Есіл» ауданы әкімінің Аппаратының мердігерлік ұйымдарымен жауын суынан көшелерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық көшелерде мердігерлік ұйымдар шұғыл түрде жұмыс атқарып, жолдардың, көшелер мен жаяужолдардың тазалығын сақтауда.

18/07/2017
«Холи» бояуларының Фестивалі

22 шілдеде Қолөнершілер алаңы Сіздерді қызықты «Холи» бояулар Фестиваліне шақырады! Сағат 16.00-ден бастап әр 20 минут сайын «Ғашықтар» саябағында Сіздерге марафон ұйымдастырылады. Ол жерде еріктілер түрлі-түсті бояуларды шашып тұрған кезде әртүрлі кедергілерден өтіп, өз шапшаңдығыңызды көрсетуіңіз керек. Концерттік бағдарлама марафон барысында ерекше көңіл-күй сыйлайды.

18/07/2017
Заңсыз саудалар

Жазғытұрым заңсыз жеке сауда ерекше назарға алынады. Заңсыз сауда көбінесе адамдар көп жүретін жерлерде, яғни, бақтар мен саябақтарда, жаяужолдарда, сауда орталықтарында жиі орын алады. Үстіміздегі жылдың шілде айының 1 мен 17 аралығында уәкілетті органдардың өкілдерінен құралған мобильді топтармен 34 құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБК 204 «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бабына сай-24 адам, ҚР ӘҚБК «Қоғамдық орындарда тиісу» 449 бабына сай-10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 ескерту жасалып, 22 азаматқа айыппұл салынды.

17/07/2017
«Арай» саябағындағы жөндеу жұмыстары

«Есіл» ауданының әкімдігі бақтар мен саябақтардағы бұзылған элементтерді қалпына келтіру мен жаяужолдардың құрылысы жұмыстарын жалғастыруда. Қала тұрғындары мен қонақтардың қолайлығы үшін «Арай» саябағының қосымша кіреберісіндегі аумақта жұмыстар жүргізілді. Осылайша, саябақта жолжиектік таспен қапталған ұзындығы 54 метр болатын (Сарайшық көшесі жағынан) жаяужол салынды. Барлық жұмыстар «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал