Жаңалықтар
12/04/2017
Тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципі

Құрметті «Есіл» ауданының тұрғындары! «Есіл» ауданының әкімдігі АІІБ Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Сіздердің назарыңызды тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін сақтау қажеттілігіне аударады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады». Біз бірге ғана ауданымызды қауіпсіз және тұруға жайлы ете аламыз! «Есіл» ауданында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері туралы хабарламалар жіберу үшін 8-777-310-04-20 (WhatsApp) телефон нөмірі жұмыс істейтіні туралы еске саламыз. Сондай-ақ, бұл инфографика ауданымыздың тұрғын үй кешендерінің ақпарат тақтайшаларында ПИК арқылы таратылған.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал