Жаңалықтар
14/04/2017
Аға буынмен кездесу

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын «Есіл» ауданының әкімдігінде Ардагерлер кеңесінің активімен кездесуінде талқыланды. Мақала бойынша өз ой-пікірлерін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты бас директорының м.а. Жангелді Мақашов және Астана қаласы мәслихатының депутаты Қарақат Әбден жеткізді.

Отырысты «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Арайлым Елімсарина ашты. Оның айтуынша, Президенттің мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының логикалық жалғасы болып табылады. Жолдауда елдің экономикалық және саяси дамуы бойынша мақсат-міндеттер белгіленген, оларды ұлттық салт-сананы дамытпай іске асыру мүмкін емес.

Спикерлер мақалада атап көрсетілген қоғамдық сананы жаңғыртудың бірнеше бағытына және Мемлекет басшысының жақын жылдарда іске асыруға ұсынған нақты жобаларына тоқталып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Президенттің мақаласы аға ұрпақтың қолдауына ие болып отыр. Олар елімізде бейбітшілік пен тыныштық, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді табысты іске асыруды тіледі.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал