Жаңалықтар
18/04/2017
«Есіл» ауданы тұрғындарының назарына!

Ү.ж. 22 сәуірінде «Есіл» ауданының әкімдігі және прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп Ашық есік күнін өткізеді.
Іс-шараға аудандық мемлекеттік құрылымдардың – Ішкі істер басқармасының, Жергілікті полиция қызметінің, Төтенше жағдайлар басқармасының, Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, сондай-ақ, Астана қаласының басқармалары мен департаменттері:

Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауға бақылау, сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің және Әділет департаментінің қызметкерлері қатысады.
Халыққа кеңестер «Есіл» ауданы әкімдігінің ғимаратында (Қабанбай батыр даңғ., 33, мәжіліс зал, 3 қабат) сағат 10.30-дан 14.30-ға дейін өткізілетін болады.
Анықтама телефондары: 71-20-91, 71-20-85, 8-705-282-41-55, 8-777-411-11-05. Электрондық мекенжай: 7170105@prokuror.kz, 7170106@prokuror.kz.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал