Жаңалықтар
19/04/2017
Су тасқынына қарсы іс-шаралар

«Есіл» ауданының әкімдігі су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында су басу ықтимал орындарды, Қорғалжын тас жолы және Газмашаппаратура зауыты аумағының саяжай алқаптарын аралады. Тұрғындар су тасқыны болған жағдайда орындауға қажетті іс-әрекеттер туралы хабардар етілген. Түсіндіру жұмысымен қамтылған барлық адамдар саны 2 мыңнан асады.
Қазіргі уақытта «Западный» саяжай қоғамының аумағындағы судың арнадан шықпауын қамтамасыз ету үшін 3,5 мың кап құм дайындалды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағасында жер үйіндісін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су тасқынына қарсы іс-шараларға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тартылды. «Есіл» ауданының тұрғындарына су тасқынына қарсы комиссияның тәулік бойы өтінімді 48-43-26, 8-771-996-35-72 телефондары арқылы қабылдайтынын еске саламыз.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал