Жаңалықтар
27/05/2017
Аудан тұрғындарымен кездесу

Проблемалық мәселелерді шешуге «Есіл» ауданы әкімдігі ерекше көңіл бөлуде. Олардың бірі «Ильинка кентінің шығысына қарай жеке тұрғын үйлерге инженерлік желілер» жобасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл туралы «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Үркер» тұрғын алабының тұрғындарымен кезекті кездесуінде айтылды. Шығу жиналысына, сондай-ақ, бағдарлама әкімшісі атынан Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов, «Есіл» ауданының прокуроры Талғат Әлібаев және мәслихат депутаты Мирас Шекенов, коммуналдық қызмет және мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты. Тұрғындар инженерлік желілерді, кәріздерді, жолдарды салу, жарықтандыру, қоғамдық көліктер, аялдама кешендері, масалар және т.б. қатысты сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтар бойынша аудан әкімімен жауапты орындаушыларға тапсырмалар берілді. Келесі кездесуді ү.ж. 14 шілдесі күні сағат 19.00-де өткізу жоспарланды.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Үркер» тұрғын алабында жақында ашылған «Есіл» ауданының ІІБ полиция бөлімшесінің ғимаратына барды. Шағын ауданның тұрғындарымен кездесулер кезінде бұрын көтерілген бұл сұрақ, үй-жайды жөндеуге көмектескен демеушілердің арқасында ішінара шешілді. Бөлімше Ақтамберді жырау көшесі, 9 мекенжайы бойынша орналасқан. Бұл жерде учаскелік инспектор, аймақтық жедел уәкіл, анықтаушы жұмыс жасайды.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал