Жаңалықтар
29/05/2017
Жаңа қоқыс жәшіктерін орнату

Жақын арада «Есіл» ауданының көшелерінде 850 жаңа қоқыс жәшіктері орнатылады. Қызғылт сары түсті 500 пластикалық қоқыс жәшіктері жаяу жүргіншілер және жол қиылыстарының бойында орнатылатын болады. Қалған 350 – бұл жаңа үлгідегі металдан жасалған, ағаш ендірмесі бар қоқыс жәшіктер. Мұндай жәшіктер аялдама кешендерінің жанында орналасады. Қазіргі уақытта қоқыс жәшіктерін ауыстыру және орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әзірге олардың 70 орнатылды.

Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін контейнерлік алаңдарды ауыстыру және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағындағы барлығы 386 алаңдардың ішінде жүргізілген ақауларды анықтау бойынша, 160 алаңды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Бүгінгі күні 18 мекенжай бойынша 33 алаң қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстарынан және ауыстырудан кейінгі жаңартылған алаңдар мен жаңа қоқыс жәшіктері өз мақсатына сай әлі ұзақ уақыт бойы қызмет атқарады деп үміттенеміз.
Астана коммуналдық қызмет еңбегін құрметтейтін және «тазаланған жер – таза емес, қоқыс лақтырмаған жер – таза» қағидатымен өмір сүретін қала болуы тиіс!

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал