Жаңалықтар
30/05/2017
Ауданның жасыл қоры

Жасыл желектер жүйесі елордада қоршаған ортаны сауықтыру, қаланың сыртқы келбетін байыту, халықтың жаппай табиғи ортада демалатын жағдайын жасау үшін қалыптастырылады. «Есіл» ауданының жасыл қоры 160 мың ағаштар және 820 мың бұталардан асады. Қоршаудың ұзындығы 91 мың қума метрді, ал көгалдар алаңы барлығы – 3 млн. 159 мың шаршы метрді құрайды.

Жасыл желектерді күту бойынша жұмыстар күн сайын жүргізіледі. Бұл суару, тыңайтқыштар енгізу, ағаштарды кесу, қоршауларды қию және көгалдарды шабу. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 95 мың шаршы метрде гүлдерді отырғызу жүргізілуде. Барлық жұмыстар маусым айының бірінші он күндігінде аяқталады.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал