Жаңалықтар
01/06/2017
«Арай» саябағы

«Арай» саябағы көптеген адамдарға демалуға және серуендеуге ыңғайлы. Бұл жерде қала тұрғындары және қонақтары бір мезгілде Астананың орталығында тұрып, табиғатқа шыға алады. Саябақтың жаз маусымы 20 мамыр күні ашылды. Аумақта түрлі аттракциондар, «Балалар Әлемі» үрлемелі батуттар қалашығы, балалар автодромы орналастырылып, сондай-ақ, концерттік бағдарламалар өткізу үшін сахна қойылған. Бір сөзбен, жаңа маусымда «Арай» саябағының келушілерін қызықты ойын-сауықтар күтуде!

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал