Жаңалықтар
01/06/2017
«Шығармашылық аумағы» жобасының старты

«Шығармашылық аумағы» - біздің елдің шығармашылық адамдарын біріктірген жоба осылай аталады. 1 маусым және 10 қыркүйек аралығында «Ғашықтар» саябағында Қолөнершілер аллеясы орын алады. Шеберлер өздерінің ең үздік жұмыстарын қояды, сондай-ақ, қолөнер ісінің негіздерін білуге тілек білдірушілермен білімі мен тәжірибесімен бөліседі. Аумақ күн сайын таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейтін болады. Бағдарламада: қолөнер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, акциялар мен лотереялар, концерттік бағдарламалар, суретшілер көрмесі және фотокөрме бар.

Шығармашылық жобаның қатысушылары қайырымдылықты қолдайтынын және мүгелдек баланы емдеуге көмек көрсетуге ниетті екенін айта кету керек.
Іс-шара «Есіл» ауданы әкімдігі және «Зеленый кот» шығармашылық бірлестігімен ұйымдастырылған. Жоба әлеуметтік сипатқа ие.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал