Жаңалықтар
12/07/2017
Шыбын-шіркейді жою жұмыстары

«Есіл» ауданының әкімдігімен шыбын-шіркейді жою жұмыстарының төртінші кезеңі аяқталды. Таяз өзендердің – 300,2 га, ашық стациялардың – 8000 га, қорғау тосқауылдарының – 1500 га өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 50 адамнан тұратын 5 бригада, 6 биолог және арнайы техника қолданылды. Алдағы күндері «Арай» саябағы, «Астаналық» саябағы, «Комсомольский» тұрғын алабы, «Водно-зеленый бульвар» ТҮК және «Хан Шатыр» ОССО аумағы зерттелетін болады. Қорғалжын тас жолы, Ш.Айтматов көшесі, Талдыкөл көлі, Тұран даңғылынан әуежай жолына дейінгі жерлерде қорғау тосқауылдарын өңдеу үшін 8 биологтар және 6 термогенераторлар жұмылдырылу жоспарланып отыр. Шыбын-шіркейлер қайтадан пайда болып жатқан жағдайда, іс-шаралар қайталанатын болады.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал