Жаңалықтар
12/07/2017
Ғимараттардағы сәнді жарықтандыру

Астанамыздың сол жағалауы тәуліктің қай уақытында болмасын өзінің сұлу келбетімен баурап алатыны сөзсіз. Түнгі уақытта әкімшілік ғимараттардың, тұрғын үйлердің, монументтер пен көпірлердің көркін сәнді жарықтандырулар келтіріп отыр. Сондай объекттердің бірі Министрліктер үйінде сәнді жарықтандыру орнатылды. Ғимарат бетінде «Жан жүрегім - Астана!», «Сердце мое - Астана!», «EXPO 2017 - Future Energy» сынды жазуларды тамашалауға болады.
Жалпы «Есіл» ауданының әкімдігі сәнді жарықтандырумен 143 объектке қызмет көрсетіледі. Жарықтандыру мониторингі күн сайын өткізіледі. Сәнді жарықтандырудың бұзылған немесе жанбай қалған уақытында ескертулер ескеріліп жедел түрде жөнделеді.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал