Жаңалықтар
13/07/2017
Мерекелік концерт

Өзінің өнерлерін «WIP Astana – Work in Progress Astana» алаңында «Тәуелсіз өмір «ДОС»» Орталығының мүшелері көрсетті. Көрермендер алдында музыка-хореографиялық «ДОС АРТ» тобы өнер көрсетті. Бұл топ мүмкіндігі шектеулі адамдарды мәдени және қоғамдық өмірге қатыстыра отырып, оларға шығармашыл ойларын жүзеге асыруға тең мүмкіндіктер беру мақсатымен құрылған. Көпшілік алдына түрлі өнерлер көрсетілді: ән, би, аспаптардың сазды әуендері. Концерт «Белоруссияға сәт сапар!» атты ұранымен өтті. Әртістерге «Славян базары» фестивалі аясында өтетін «Витебск-2017» атты Халықаралық мүмкіндігі шектеулі адамдардың өнері фестивалінде сәттілік серік болсын деп тілектер айтылып жатты.

Мерекелік концертті ұйымдастырушылар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа алғыстарын білдірді.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал