Жаңалықтар
03/08/2017
№ 1 ХҚКО-да пилоттық жоба аясында көрсетілетін қызметтер

Астана қаласының тұрғындары! «Есіл» ауданы әкімінің аппаратымен ү.ж. 1 шілдесінен бастап жаңа туған балаларды және қайтыс болған адамдарды тіркеу Достық көшесі, 20 мекен жайында орналасқан №1 ХҚКО-нда жүргізіліп отырғанын естеріңізге саламыз.
Шілде айын қорытындылапйтын болсақ, жалпы 404 туу туралы, 28 қайтыс болу туралы, 22 ажырасу туралы және 8 аты-жөнін өзгерту туралы куәліктер берілді.
Аталмыш жоба арнайы, тұрғындардың жайлығы мен уақыттарын үнемдеу үшін жасалып отыр. Нәтиже бойынша жақсы көрсеткіштер болса, басқа да аймақтарда бұл жобаны енгізу қарастырылады.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал