Жаңалықтар
04/08/2017
Депутатпен кездесу

Үстіміздегі жылдың 2 тамызында «Есіл» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Астана қаласының маслихат депутаты М.Е. Шекенов пен «Ильинканың шығысы» тұрғын алабының қоғамдық кеңесімен кездесу өтті. Сонымен қатар, кездесуге «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Астана РЭК» АҚ, «Астана Су Арнасы» МҚК өкілдері және «ЦентрСтройКомплект НС» ЖШС, «АкмолаТрансТехМонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымдары қатысты.

«Ильинка кентінің шығысына қарай жеке тұрғын үйлерге инженерлік желілер» (2, 4 кезек) бойынша мәселелер қозғалды. Орындалған жұмыс жөнінде «ЦентрСтройКомплект НС» ЖШС, «АкмолаТрансТехМонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымдары есеп берді. Қоғамдық кеңес көшелерді асфальттау, кәріздің дұрыс жұмысы, көшенің жарықпен қамтамасыз етілуі және т.б. жөнінде сұрақтар қойды.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал