Жаңалықтар
07/08/2017
Саябақтар мен гүлзарлардағы жөндеу жұмыстары

Қаланың көркемдігі мен жайлылығы ескерткіштерінің, монументтерінің санымен ғана емес, саябақтардың, өзен жағалауларының, гүлзарлардың жабдықталғаны мен ішіндегі тазалығы ерекше әсер етеді.
Қала тұрғындары, қонақтар, туристер саябақтар мен гүлзарларда серуендеуді ерекше жақсы көреді.
«Есіл» ауданының аумағында жалпы ауданы 739,9 мың шаршы метр алып жатқан 4 саябақ және 22 гүлзар орналасқан. Олардың тазалығы мен жайлылығын қадағалап, жөндеу жұмыстарын «Акмолаводсервис и К» ЖШС және «Зерен Эксклюзив» ЖШС мердігерлік ұйымдары жүргізеді.

Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдармен 1200 орындықтар мен 1450 қоқысқа арналаған қалташаларды бояу, 440 орындық пен 256 қоқысқа арналған қалташаларды жөндеу, 1200 шаршы метрді құрайтын жасыл өсімдікті жамылғылар ретке келтіріліп, 9550 шаршы метр жолжиектік тасты жөндеу, 356 тіреуіш қабырғалардың, 530 жабу тақтайшаларының жөндеуі, 889 шаршы метрді құрайтын жиектердің салынуы, 1280 шаршы метр гранит тақтасын, 1300 шаршы метр сплитерлік блокты және 1560 шаршы метр жолжиек тасын ауыстыру жүргізілді.
Аталмыш жұмыстардың атқарылуының, саябақтар мен гүлзарлардың ыңғайлы орналасуының нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтарының ең көп баратын жеріне айналды. Ал заманауи жарықтандыру, музыкалық субұрқақтар мен сәндік өсімдіктер саябақтар мен гүлзарларды одан да көрікті етіп отыр.

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал