Жаңалықтар
08/08/2017
Ашық есік күндері

Құрметті «Пригородный» тұрғын алабының тұрғындары! Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты 2017 жылдың 9 тамыз күні сағат 10.00-де № 24 орта мектепте шағын және орта бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында «Өз бизнесінді аш» атты тақырып аясында Ашық есік күндері өткізілетінін хабарлайды.

Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Сәулет және қала құрылыс басқармасы, Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ««Астана» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астана қалалық сәулет» ЖШС, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры және екінші деңгейдегі банк саласының қызметкерлері бастапқы деңгейде кәсіпкерлікті дамыту, несие алу мәселелері бойынша кеңестер беру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және тағы да басқа мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Өткізу орны: Арнасай көш., 127 үй, № 24 орта мектебінің акт-залы

        Кино Қонақ үйлер Мейрамханалар Такси Әуежай Вокзал Автовокзал